Қосшыда спорттық жаттығу кезінде бала көз жұмды

Бүгін, 12:00 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ақмола облысының Қосшы қаласында спорттық жаттығу кезінде кәмелетке толмаған қыз баланың денсаулығы кенеттен нашарлап, қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«HALYQSTAN» Telegram-арнасының мәліметінше, 10 жасар бала Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорттық кешенде жаттығу жасап жатқан.

«Қыз бала «бронх демікпесі» (астма) диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Жаттығу кезінде оның жағдайы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер бригадасы келгенше жағдайы тіпті ушығып кеткендіктен, барлық қажетті жабдықтары бар реанимобиль жіберу туралы қайталама қоңырау шалынған. Көрсетілген көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», — делінген жарияланымда.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өлімі туралы ақпаратты растады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жаттығу кезінде жасөспірімнің денсаулығы күрт нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.
 

Тэгтер:

бала өлімі Қосшы спорттық жаттығу