Қазір барлық жерде газет, тв, сайттарда Конститутцияға енгізіліп жатқан енгізулер мен толықтырулар жайлы жазып талқыланып жатыр. 77 бапқа байланысты ұсыныс келіп түскен. Конститутциялық комиссия осы ұсыныстардың барлғын қарап түзетулер енгізбек екен. Бұл дегеніміз Консттитуцияның 84%. Яғни барлығына өзгерістер мен түзетулер енеді. Бұл туралы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің негізгі басымдығы.
Оның айтуынша, преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бұл идея Конституцияның бүкіл мәтінінде көрініс табады.
«Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінің нормаларын әзірлеу кезінде адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан тарапынан ратификацияланған халықаралық пактілер мен басқа да жалпыға бірдей танылған халықаралық құжаттардың талаптары барынша ескерілді. Соның нәтижесінде адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарының мазмұны толықтырылып, олардың жаңа қырлары ашылды. Олардың іске асырылуы мен қорғалуына берілген кепілдіктер айтарлықтай нығайтылды», - дейді Нұрат Ілияс.
Сондай-ақ ол Конституцияға енгізгелі жатқан баптарда адамның негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берілгенін жеткізді. Мысалы, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғау, сондай-ақ «Миранда ережесі» бекітілген.
Сонымен қатар енгізулерде сөз бостандығы, ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды.
«Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған. Мәселен, дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты бекітілген. Рухани және діни оқу білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты жарияланады. Сонымен қатар, неке – ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы деген ереже енгізілген. Бұл көзқарас әйелдердің құқықтарын қорғауды және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған», - деді Н. Ілияс.
Жаңа Конституциялық жобадағы 77-бап
1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, оның мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.
2. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
3. Сот шешімінің, үкімі мен өзге де қаулысының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.