Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы туралы халыққа ақпар таратқан журналист Жанат Молдашова сұхбат берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
YouTube желісіндегі "Алаш Орда" арнасының тілшісі Серік Жолдасбайға берген сұхбатында ол осы іс туралы өз ойын ашық айтты.
Журналистің басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты: "Құқық қорғау органдары Сұлтанды елге әкелу қаншалықты мүмкін?" деген сұрағына Жанат Молдашова:
"Менің болжамым бойынша, мүмкін ұсталған да болар. Ол күдікті ұсталып, елге қайтару процестері жүріп жатқан сияқты көрінеді. Бұл менің ғана болжамым, білмеймін", – деп жауап берді.