Алматы қаласында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған мәлімет таратқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жер сатылымы туралы фейк Құқық бұзушы өз хабарламасында жаңа құжатта «жерді шетелдіктерге сатуға қойылған тыйым күшін жойды» деген ақпарат таратқан. Алайда, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.
Алматы қалалық Полиция департаменті бұл деректі ресми түрде теріске шығарды. Ведомствоның түсіндіруінше, жаңа жобада жер және табиғи ресурстарға қатысты нормалар өзгеріссіз қалған және қолданыстағы Конституцияның ережелерімен толық сәйкес келеді.
Сот шешімі мен айыппұл Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни шамамен 86,5 мың теңге айыппұл салынды.
Контекст Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Конституциясының жаңа жобасы 31 қаңтарда жарияланған болатын. Жаңа құжаттың мәтіні мазмұндық тұрғыдан айтарлықтай жаңартылып, іс жүзінде қайта жазылған.