Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар жаңа құрылымдық бөлімше — Балалардың құқығын қорғау басқармасын құруды қолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл шешім Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау аясында және Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданды. Аталған өзгерістер жергілікті деңгейде балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнаулы органдарды құруды көздейді.
Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев мегаполис жағдайында профилактика, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.
Жаңа басқарма Алматыда балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау жұмысын күшейтеді.