Эпистолярлық жанр дерекке негізделуімен құндық Заманынан хабардар беретін, мәдениет пен тұрмыс-тіршіліктен хабар-ошар тарататын сипатқа ие. Алаш қайраткерлерінің, тұлғалардың бір-бірімен жазысқан хаттары тек жеке бастың қамы емес, ұлттық мүддені, халықтың әл-аухат ахуалын баяндауымен де зор салмақ, мазмұнға ие.
Журналистикадағы, әдебиеттегі тұлғалардың эпистолярлық жанрдағы туындылары ғылыми айналымда үлкен бағыт.
ҚР мемлекеттік мұражай қорындағы араб, латын және кирилл қаріптерінде жазылған әр түрлі хаттар, ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орда хандары - Тоқтамыс пен Темір Құтылықтың, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ хандары мен сұлтандары Абылай, Әбілпейіз, Кенесары хандардың тарихи хат-құжаттарының көшірме нұсқалары, қазақтың зиялы тұлғалары А.Құнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың, Ә.Х.Марғұланның, М.Әуезовтың хаттары көне дәуірден бері жазу арқылы іске асып келген дәстүрлі хат-хабар алмасудың әдістерін, түрлерін көрсетеді.
Шерхан Мұртаза мен Камал Смайы¬ловтың «Егемен Қазақстан» газеті арқылы екеуара жазысқан 25 хаты, студенттік кезімізде (2009 жылдары) «Қазақ әдебиеті» газетіне жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Мұхтар Шахановқа хат» атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада Мұхтар Шахановтың желтоқсан шындығын ашудағы және қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» дәрежесі берілу тұсында жасаған істеріне жоғары баға береді. Мақалаға Мұхтар Шақанов ешқандай батырлық, ерлік жасамағанан. Азаматтық борышын, міндетін атқарғанын айтып жауап жазады.
Эпистолярлық жанрдағы бұл мақала сол кезде өте қызығушылық туғызып, болашақта осы жанрда зерттеулер жасауыма, осы саланы зерттеуіме бір идея берген болатын. Бұл бір мысал, дәо сол сияқты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазылған эпистолярлық жанр мақалалары, кітаптар қоғамның айнасы тәрізді көрінеді. Журналистика саласында бұл бағыттың орны ерекше.
Саягул Алимбекова