Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін, 08:15 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

БҚО, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай және Ұлытау облыстарында қар жауады.

БҚО, Ақмола, Қарағанды, ШҚО, Абай, Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бұрқасын болады.

Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысты қоса алғанда, еліміздің көптеген өңірлерінде тұман болжануда.

4-5 ақпан күні Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы -15... -22 °С дейін төмендейді.

Тэгтер:

қар ауа райы аяз жел бұрқасын