Мәскеу мен Кабул Ауғанстаннан еңбек мигранттарын тарту мәселесін талқылап жатыр

Бүгін, 11:32 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ресей мен Ауғанстан ауған еңбек мигранттарын тарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz. 

Бұл туралы РФ-тағы ислам әмірлігінің елшісі Гүл Хасан ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, Ауғанстан – халқы жас ел, ал үкімет білікті мамандарды қажет жерлерге бағыттау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр.

Ресейге еңбек көші-қоны мәселесі бойынша екі ел арасында келіссөздер өткен, және оң нәтижеге қол жеткізуге негіз бар. 

Хасан сондай-ақ келіссөздер сәтті аяқталады деген үміт білдірді.