Жангелдиндегі жоғалған жанұя: Журналист тың деректі бөлісті (ВИДЕО)

Бүгін, 13:51 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Атырау облысындағы із-түссіз жоғалған отбасы ісіне байланысты жаңа дерек жария болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймақтағы жағдайды зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында тың ақпаратпен бөлісті. Оның жазуынша, басты күдіктінің ата-анасының қамқорлығында болған бес бала бүгін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген.

"Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін алып кеткен. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар "әзірге ата-әжесінде болады, жақын туысы солар" деген еді", – деп жазды журналист.

Осы мәселеге байланысты "Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесінің басшысы да пікір білдірді.

"Сұрақтарыңызды осы қақпаның сыртынан қойыңыздар. Бізге облыстық білім басқармасы осылай тапсырма берді. Бұл – жабық мекеме, қақпаның ар жағына кіруге болмайды", – деді орталық басшысы.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы