Ақын Мұхтар Шаханов "Тоқаевтың жаңа Конституциясын қолдайтынын" айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 09:30 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Журналист Арман Әубәкір Facebook-парақшасына ақын Мұхтар Шахановтың видеосын жариялады. Ақын видеода өз атынан фейк тарап жатқанын, "Тоқаевтың саясатын толық қолдайтынын" айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазіргі таңда менің атымнан жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеңіздер. Мен қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның саясатын толығымен қолдаймын", – деген ол видеода.

Бұған дейін Мұхтар Шахановтың атынан өзге біреу Facebook-парақша ашқан. Парақша авторы қазақ тіліне қатысты мәселелерді жариялап отырған.

Мұхтар Шахановтың жалған парақшасындағы "Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады" деген постерге 4 мыңға жуық лайк басылып, 500-ден аса пікір жазылған.

Арман Әубәкірдің сөзіне қарағанда, ақын осы постерден кейін парақша өзінікі емес екенін айтып, видео түсірген.

Тэгтер:

мұхтар шаханов ақын