Қазақстандық файтерге PFL лигасындағы дебютінде шапан және тумен шығуға тыйым салынды

Бүгін, 14:27 / Қайсар Қалам
Сурет: Sportnews.kz

Қазақстандық ММА файтері Саламат Исбулаев әлемдегі ең үздік ұйымдардың бірі — PFL лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Алайда, спортшыға октагонға ұлттық символикамен шығуға рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Исбулаев бұл туралы Namys Fighting арнасына берген сұхбатында айтты. Ол өз мансабындағы ең маңызды жекпе-жекке дайындалып жатыр (PFL әлемде UFC-ден кейінгі екінші орындағы лига болып саналады).

Саламаттан алғашқы айқасына қазақтың ұлттық шапанымен шығу-шықпауы туралы сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

«Өкінішке қарай, бұл ұйымда олай істеуге болмайды. Тек олар берген киіммен ғана шығу керек. Жекпе-жекке шығар алдында ешқандай ту, ешқандай артық атрибутика болмауы тиіс», — деді спортшы PFL ережелері туралы.
 

Тэгтер:

файтер Саламат Исбулаев PFL лигасы