"Мұғалімдерді сайлау науқанына күштеп тартуға ешкімнің құқы жоқ" – депутат

Бүгін, 17:18 / Ахмет Қанатұлы

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мұғалімдерді саяси науқанға тарту туралы ойын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта ешкім мұғалімді күштеп саяси науқанға тарта алмайды.

"Мұғалімдерді күштеп, оларды сайлау науқанына тартуға ешкім құқы жоқ. Заң бар. Шағымдансын, сотқа берсін. Біреулер қосымша ақша табу сайлау орталығына бөлінеді ғой... Ол мұғалім немесе пошта қызметкері болуы мүмкін. Қосымша мамандарды өздері тағайындайды, бірақ біреуді күштеп тартуға болмайды", – деді депутат