Түркістан облысында теміржолшыны пойыз қағып өлтірді

Бүгін, 08:45 / Қайсар Қалам
Сурет: ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қостүйін станциясында жолаушылар пойызы адамды қағып кетіп, салдарынан ол көз жұмған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2026 жылғы 2 қаңтарда сағат 16:10-да Арыс – Түркістан учаскесінің Қостүйін станциясында №77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адамды қағып кетті, зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Қаза тапқан адам «Әскерилендірілген теміржол күзеті» (ВЖДО) қызметкері болған. Оқиға туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.
 

Тэгтер:

пойыз ҚТЖ адам өлімі оқыс оқиға