ҚР Бас прокурорының орынбасары болып Ерлан Өтегенов тағайындалды

Бүгін, 09:12 / Arasha.kz
gov.kz. Суретте: Ерлан Өтегенов

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып Ерлан Өтегенов тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Ақорда таратқан ресми хабарламада айтылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Ерлан Өтегенов бұған дейін құқық қорғау органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тэгтер:

Ерлан Өтегенов Бас прокурор