Санкт-Петербург қаласында жас бойжеткен арнайы әскери операция (СВО) жауынгерлеріне гуманитарлық көмек жинайтын пунктке шабуыл жасады. Оқиға кезінде ол өзінде бомба барын айтып айғайлаған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға Кантемировская көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бойжеткен ғимараттың жертөлесіне «Молотов коктейлін» лақтырып, өрт қойған. Дәл осы жерде еріктілердің «Доброволец» атты гуманитарлық көмек жинау бекеті орналасқан.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, шабуыл жасаушы қауіпті зат туралы айтып, айналасындағыларды қорқытқан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Мамандар келтірілген шығын көлемін анықтап, шабуылдың себеп-салдарын тергеуде. Бойжеткен ұсталды.