Жетісу облысының халқы жер дүмпуін сезді

Бүгін, 14:28 / Arasha.kz
shutterstock.com

5 ақпан күні Астана уақытымен сағат 13:39-да Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5 баллға жеткен. Дүмпу ошағы Текелі қаласынан шамамен 60 шақырым қашықтықта орналасқан.

Ал Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жер сілкінісінің қуатын 4,8 балл деп бағалады. Олардың дерегіне сәйкес, дүмпу ошағы Жетісу облысындағы Сарқан қаласынан 68 шақырым, Қытайдың Шәуешек қаласынан 117 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісінің әлсіз дүмпулері Алматы қаласында да сезілген. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

алматы Жетісу жер сілкінісі