Алматы облысындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның денесі табылды, деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
«2 ақпан күні Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының аумағында орын алған оқиға туралы ақпарат түсті. Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның мәйітін тапқан», — делінген бейсенбі күні таралған хабарламада.
Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері барды», — деп толықтырды ПД өкілдері.