Қарабақтағы сепаратистер өмір бойына сотталды

Бүгін, 16:03 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Баку әскери соты танылмаған Таулы Қарабақ республикасының (ТҚР) бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар:

Араик Арутюнян — танылмаған республиканың бұрынғы президенті;

Левон Мнацаканян — ТҚР армиясының бұрынғы қолбасшысы;

Давид Манукян — армия қолбасшысының бұрынғы орынбасары;

Давид Ишханян — ТҚР парламентінің бұрынғы спикері;

Давид Бабаян — ТҚР бұрынғы СІМ басшысы.

ТҚР-дың тағы екі бұрынғы президенті — Аркадий Гукасян мен Бако Саакян 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекске сәйкес, үкім шыққан сәтте жасы 65-ке толған айыпталушыларға өмір бойына бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды.

Үкімді жариялау әлі де жалғасуда. Бұл істе барлығы 15 айыпталушы бар, олардың қатарында танылмаған Таулы Қарабақтың мемлекеттік министрі Рубен Варданян да бар. Олардың барлығы 2023 жылы Әзербайжан жүргізген әскери операция нәтижесінде Таулы Қарабақ аумағы Бакудің бақылауына өткеннен кейін ұсталған болатын.

Оларға агрессивті соғысты дайындау және жүргізу, соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу, геноцид, терроризмді қаржыландыру, билікті күшпен басып алу және адам өлтіру сияқты айыптар тағылған.
 

Тэгтер:

сот Қарабақ сепаратистер