Ұлынан айрылып қалған әке халықтан жиналған 96 млн теңгені өзге балаларға үлестіріп берді

Бүгін, 12:50 / Arasha.kz
видеодан скриншот

Ұлынан айырылған петропавлдық отбасы баласының еміне жиналған, бірақ пайдаланылмай қалған қаражатты өзге науқас балаларға бағыттады. Бұл туралы марқұм Әлтайырдың әкесі Данияр әлеуметтік желіде бейнеүндеу жасап, ел қолдауына алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкесінің айтуынша, халықтан жиналған қаржының 96 миллион теңгесі жұмсалмай қалған. Отбасы бұл соманы емге мұқтаж, қаржы жинап жатқан балаларға үлестіруді ұйғарған.

"Ұлымыздан айырылғанымызға жеті күн өтті. Жиналған қаражаттың бір бөлігі – 96 миллион теңге қалды. Сол ақшаны көмекке зәру балаларға беруді дұрыс деп шештік", – деді Данияр.

Қаражат мынадай тәртіппен таратылған:

Сөз соңында ол отбасы атынан қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғыс айтып, қайғыға толы кезеңде көрсетілген қаржылай және моральдық демеудің үлкен мәнге ие болғанын атап өтті.

Тэгтер:

ақша әке Әлтайыр