Алматы облысында қаңтар оқиғасына қатысы бар 11 адам ұсталды.

5 сәуір, 2022 / Arasha.kz

Алматы облысының полициясы ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қаңтар оқиғасын ұйымдастырған және қатысқан деген күдікпен 11 адам ұстаған. Бұл туралы ІІМ хабарлайды.

Хабарламада ұсталғандардан қару, оқ-дәрі, арнайы құралдар табылғаны, ал бұл заттар бұрын күштік құрылым қызметкерлерінен алынғаны айтылады.

Күдіктілер облыстың әр ауданынан ұсталған. Олардың жасы 20-39 жас аралығында. Күдіктілердің қаңтар оқиғасына қатысқаны, облыс әкімдігі мен қалалық полиция басқармасын басып алуға әрекеттері және әскер мен күштік құрылым қызметкерлеріне күш көрсетуі видеотіркеуден нақтыланған.