Қапшағай су қоймасында ішінде екі әйел адамы бар жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп, қауіпті мұзды судың ортасында қалды. Көлік салонында критикалық жағдайға тап болған екі әйел болған. Оқиға орнына дереу ТЖМ Жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз жол ашып, сақтандыру шараларын ұйымдастырды және мұз үстінде жұмыс істеуге арналған арнайы жабдықтарды қолданды», — делінген сенбі күнгі хабарламада.
Нәтижесінде екі әйел көліктен жедел түрде шығарылып, жағаға жеткізілді.
«Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», — деп толықтырды ТЖМ өкілдері.