"Сіздің қартайғаныңызға жол бергіміз келмейді": Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваның концертінде тосынсый жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 09:42 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Танымал әнші Роза Рымбаеваның сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 50 жыл толуына байланысты өткізген концертінде ерекше жайт орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталмыш концертте әншінің өнердегі інісі, шәкірті Димаш Құдайберген арнайы қонақ болып келіп, өзінің ақ тілегін білдірді. 

"Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Роза Қуанышқызына сіздердің алдарыңызда мың рет тағзым істегім келіп тұр. Неге десеңіздер, жастайымнан маған Роза апайымыз рухани тұрғыдан ұстазымыз болды, үлкен өнеге көрсетті. Сізбен бірге талай мәрте сахнаға шыққан өзімді ерекше бақытты жан санаймын. Жасай беріңіз. Сіздің сахнада жүргеніңізге 50 жыл уақыт болыпты. Сіздің қартайғаныңызға жол бергіміз келмейді. Қазақ өнері үшін әлемге нұр шашып жүре беріңіз", – деді Димаш Құдайберген.

Тэгтер:

концерт Димаш Құдайберген әнші Роза Рымбаева