"Бетімді қақпады... "Кешірімді бол" деді": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жан сырын ақтарды (ФОТО)

Бүгін, 20:23 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Белгілі актер Дархан Мұсаев желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Кейде тағдыр адамды сынап, қайрағысы келгендей болады. Сол сәтте жолыңа дұрыс адамдар жолықса, еңсең қайта тіктеледі. Хайрол Мархаба – өнерде өз орны бар, сөзі мен ісі қабысқан жігіт. Ал мен бір кезеңде "кино түсіремін" деп шаршап, күмәнданып жүргенмін. Сол кезде Хайролға барып, жағдайымды айттым. Ол бетімді қақпады. Тыңдады. Ақылын айтты. "Кешірімді бол" деді. Сенім білдірді. Жанына алып, идеямызды біріктіріп, осы жобада атқарушы продюсер ретінде жауапкершілік жүктеді. Бұл – мен үшін үлкен сенім, үлкен қолдау. Бүгінде ол – фильміміздің генеральный продюсері. Осындай адаммен бір жобада қатар жүру – мен үшін мәртебе", – деп жазды Дархан Мұсаев.

Тэгтер:

әлеуметтік желі актер Дархан Мұсаев