"Құдағиымның кешінде болдым": Роза Рымбаеваның концертінде ерекше жайт болды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:47 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Танымал әнші Роза Рымбаеваның құдағиы желідегі парақшасында жаңа видеосы жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақмарал Құбашева есімді құдағиы Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай өткізген кешінде арнайы қонақ болды. Ол концерттің соңында үлкен шоқ гүлдерін алып, құдағиына сыйға тартты. 

"Құдағайымның мерейлі кешінде қонақ болдым. Осылай халықтың қошеметіне бөлене беріңіз", – деп жазды Ақмарал Құбашева.

Айта кетейік, Ақмарал Құбашева – Роза Рымбаеваның құдағиы. Өзінің мансабын ән саласынан бастаған Ақерке Бүркітбайдың анасы.

Тэгтер:

әнші Роза Рымбаева