Маңғыстаудағы медицинасына ұйымында 600 млн теңге жымқырылған

Бүгін, 14:08 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық мекемелердің қызметіне ауқымды тексеру жүргізіп, жүйелі түрде жасалған заңбұзушылықтарды анықтады. Тексеріс барысында жалған медициналық қызмет көрсетуден бастап, ірі көлемдегі бюджет қаражатын қолды қылу фактілеріне дейін белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ең сорақысы — медициналық ұйымдардың бірінде 600 миллион теңгеден астам бюджет ақшасын жымқыру схемасы құрылған. Қылмыстық әрекет былай жүзеге асқан: жауапты тұлғалар қаражат алушылардың банктік деректемелерін (реквизиттерін) өзгертіп, ақшаны заңсыз жолмен өздеріне қатысты аффилирленген шоттарға аударып отырған.

Бұдан бөлек, прокурорлар мынадай заңсыздықтарды тіркеді:

Қазіргі уақытта осы деректер негізінде облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің маңыздылығына байланысты тергеуді арнайы прокурорлар тобы жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

медицина прокуратура жемқорлық маңғыстау