Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесін сағынышпен еске алып, жүрекке жететін жазба жариялады, деп жазды Sadaq.kz.
Өнер иесі бұл күннің әкесі үшін ерекше екенін атап өтті. Айтуынша, егер әкесі тірі болғанда, бүгін 72 жасқа толар еді.
"Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әсерлі жазбаға бейжай қалмай, пікір қалдырып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, Тұрсынбек Қабатовқа көңіл айтты.