1 наурыздан көктемгі әскерге шақыру басталады

Бүгін, 16:10 / Қайсар Қалам
Сурет: Әкімдік

2026 жылы 1 наурыздан бастап Алматыда азаматтарды мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны басталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2025 жылы көктемгі және күзгі шақыру жоспарлы түрде өтті. 3 520 азаматты әскерге жіберу жоспарланса, іс жүзінде 3 547 адам аттанды (100,6%). Шақырылғандардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ұлттық ұланға жіберілді», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылып, тұрақты бақылауда болады.
 

Тэгтер:

алматы әскер көктемгі шақыру