АҚШ Арменияға Ресейдің ядролық энергетикасынан бас тартуы үшін 9 млрд доллар бөлетін болды

Бүгін, 16:22 / Қайсар Қалам
Сурет: ru.aravot.am

АҚШ Вице-президенті Джей Ди Вэнс Ереванда Армения билігімен азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, бұл келісім американдық компанияларға Арменияға ядролық технологияларды, сондай-ақ отын мен қызметтерді экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АҚШ компаниялары елдегі электр энергиясының шамамен 40%-ын қамтамасыз ететін Армян АЭС-ін шағын модульдік реакторларға ауыстыру бойынша тендерге қатыса алады.

Вэнс Арменияның екі кезең бойынша 9 миллиард доллар инвестиция алатынын уәде етті, деп хабарлайды армянның «Арка» агенттігі. Bloomberg-тің жазуынша, бұл Арменияға Ресейдің ядролық энергетикасынан бас тартуға мүмкіндік береді.

Вэнстің Ереванға сапары алдында Армения өкілдері «Росатом» басшылығымен кездескен болатын. Ресейлік мемлекеттік корпорация Арменияға «жан-жақты ынтымақтастық» орнатуға уәде берген еді.

Енде Арменияға АҚШ технологиялары келеді.  Бұл туралы АҚШ Вице-президенті Джей Ди Вэнс Ереванда Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, TRIPP қоры арқылы Арменияға бастапқы кезеңде 5 миллиард доллар, ал екінші кезеңде тағы 4 миллиард доллар инвестицияланады.

«Біз сондай-ақ Арменияға құны 11 миллион доллар болатын ұшқышсыз барлау технологияларын сатуды мақұлдадық», — деді Вэнс.

Ол TRIPP жобасы Оңтүстік Кавказ үшін айтарлықтай экономикалық пайда әкелетінін айтты.

«8 тамыздан бастап біз үлкен жетістіктерге жеттік», — деп түйіндеді Вэнс.
 

Тэгтер:

ресей АҚШ армения энергия ресурс