"Ол кісінің әр сөзі – үлкен сабақ": Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаева туралы айтып берді (ВИДЕО)

Бүгін, 10:59 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаева туралы айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол өзінің енесінен көп өмірлік, сахналық тәжірибе алады.

"Мама туралы ауыз толтырып айта аламын. Себебі ол кісінің өмірлік тәжірибесі мен сахналық тәжірибесі мол. Ол кісіден барлық жағынан алатын дүнием бар. Біздің күнделікті шай басында сөйлесуіміздің өзі бізге үлкен сабақ. Бірақ соңғы сұхбаттарында айтқан сөзі маған үлкен жауапкершілік берді. Соған сай болуға тырысамын", – деді Ақерке Бүркітбай.

Тэгтер:

әлеуметтік желі видео Роза Рымбаева Ақерке Бүркітбай