Жоғарғы Кеңеш спикерінің отставкасы: Қырғызстанның саяси элитасында не болып жатыр?

Бүгін, 14:00 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қырғызстан парламентінің басшысы Нұрланбек Тургунбек ұлы Жоғарғы Кеңеш спикері қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Тургунбек ұлы бүгін парламент отырысы кезінде мәлімдеді.

Спикердің отставкаға кетуі мүмкін екендігі туралы қауесеттер 10 ақпанда тарай бастаған болатын. Дәл сол күні елдің вице-премьері және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы қызметтерін атқарған Қамшыбек Ташиев лауазымынан айырылды.

Ол кезде Жоғарғы Кеңештің баспасөз қызметі Тургунбек ұлының қызметтен кететіні туралы ақпаратты теріске шығарған еді.

Тэгтер:

парламент Қырғызстан Нұрланбек Тургунбек ұлы