Алматыда есірткі дүкені ісі бойынша 11 адам ұсталды

Бүгін, 11:34 / Қайсар Қалам
Сурет: ІІМ

Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі дүкенінің ісі бойынша 11 адам ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткіні жанасусыз өткізумен айналысқан интернет-есірткі дүкенінің қызметіне тосқауыл қойды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылай сүйемелдеуді қамтамасыз еткен адамдар ұсталды», - делінген жұмадағы хабарламада.

Ведомство мәліметінше, «заңсыз айналымнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банктік карталар мен цифрлық тасымалдаушылар тәркіленді».

«Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп толықтырды ІІМ.
 

Тэгтер:

полиция есірткі дүкен