Талдықорғанда интернет-таныстық арқылы елді бопсалағандар сотталды

Бүгін, 14:30 / Қайсар Қалам
Сурет: ЖИ

Талдықорған қаласында интернет арқылы бопсалаумен айналысқан 9 адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін олар әлеуметтік желілерде адамдармен танысып, үйлеріне шақырған, кейін бопсалауға кіріскен. 

Жәбірленушілерді «зорлады» деген жалған айыппен полицияға арыз жазамыз деп қорқытып, «мәселені шешу» үшін ақша талап еткен. Олар алдын ала бөлінген рөлдер бойынша әрекет етіп, психологиялық қысым көрсеткен.

Нәтижесінде топтың барлық мүшесі ұсталды. Сот оларды күш қолдану арқылы, адамдар тобымен бірнеше рет жасалған бопсалау қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге жаза тағайындалды.
 

Тэгтер:

сот интернет бопсалау Талдықорған таныстық