Киевтегі Жамбыл Жабаевтың ескерткіші сүрілмейтін болды

Бүгін, 16:31 / Қайсар Қалам
Сурет: 44.ua

Киев қаласында орналасқан Жамбыл Жабаев ескерткіші сүрілмейтін болды. Украина билігі ресми түрде ескерткіш деколонизация туралы заң талаптарына жатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін қазақстандық қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов ескерткішті алып тастап, Жамбыл атындағы көшені қайта атауды ұсынған. Бұған Украинадағы Ресей империялық символикасына тыйым салу туралы заң себеп болған. Бұл туралы «Украина - Центральная Азия» телеграм-арнасы жазған еді.

Ал Украина ұлттық жады институты Жамбыл Жабаев Ресей империялық саясатын насихаттаумен байланысты тұлға болып саналмайтынын айтты. Кеңес кезеңінде оның шығармашылығын билік өз мақсатында пайдаланғаны атап өтіледі, бірақ бұл оны отаршыл немесе тоталитарлық режим символына айналдырмайды.

Мекеме өкілдері бұл жерде мәдени тұлға мен халықтар арасындағы тарихи байланыстар туралы сөз болып отырғанын жеткізді. Сондықтан ақын атындағы ескерткіш те, көше атауы да сақталады.
 

Тэгтер:

Киев жамбыл жабаев ескерткіш