ШҚО әкімінің орынбасары ұсталғаны рас па? Әкімдік не дейді

Бүгін, 10:06 / Қайсар Қалам
Сурет: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі желіде тарап жатқан аймақ әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар Мұқашұлының ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөзбен расталмаған. Қолда бар мәліметтер бойынша, лауазымды тұлға денсаулық жағдайына байланысты уақытша демалыс алған болатын», – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін бірқатар дереккөздерде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. 
 

Тэгтер:

ШҚО Жақсылық Омар әкімдік