"Сіз қазақтың жауысыз": Тоқтар Әубәкіров экс-президент Назарбаев туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:12 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Есімі елге белгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіров экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған диалогы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейге жалға беру туралы шешімге қарсы шыққанын, бұл жөнінде Назарбаевпен сөз таластырғанын айтты.

"Кремльден шығып, ұшақпен ұшып келе жатқанымызда мен: "Енді қол астыңда жұмыс істемеймін", – дедім. Президент қасына шақырып, "шай ішейік" деді. "Мен сізбен ештеңе ішпеймін, сіз қазақтың жауысыз" дедім. Бірінші айтқаным ұшақтың ішінде болды. Тура осылай айттым. Ал ол маған "сен ештеңе де білмейсің, саясаттан хабарың жоқ, жас баласың" деп жауап берді. "Мені босатыңыз, мен енді жұмысқа бармаймын" деп тағы да айттым. 

Тэгтер:

Нұрсұлтан Назарбаев Тоқтар Әубәкіров Байқоңыр