Белгілі журналист Руслан Өтепбай күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиевтің баласы әкесіне жолдаған аудиохатты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Тілші бұл іске байланысты арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан. Ол марқұмдардың туыстарымен кездесіп, түрлі нұсқаларды тыңдағанын айтты.
Журналистің сөзінше, жарияланған аудио жазбада күдіктінің баласы әкесіне сағынышын білдірген.
"Бұл аудионы күдіктінің баласы әкесі Сұлтанға жіберген. Соңғы рет балалар әкесімен желтоқсанның 11-күні сөйлесіпті. Ал құқық қорғаушылардың айтуынша ерлі-зайыпты Индонезияда жүр. Журналистік зерттеудің жалғасын бүгін 20:50-де Еуразия арнасынан көре аласыздар!", – деп жазды журналист.