НАТО елдері Алексей Навальныйдың өліміне не себеп болғанын мәлімдеді

Бүгін, 09:01 / Қайсар Қалам
Сурет: AP

Бес елде жүргізілген тәуелсіз сараптамалардың нәтижелері аса улы затпен улануды көрсетіп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz сайты «Важные истории» Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ұлыбритания, Швеция, Франция, Германия және Нидерланды зертханалары бір-бірінен тәуелсіз түрде 2024 жылғы 16 ақпанда түзеу колониясында қайтыс болған Алексей Навальныйдың эпибатидин уымен өлтірілгенін растады. Бұл  Оңтүстік Американың ағаш бақаларынан бөлінетін аса улы зат. Бұл туралы саясаткердің отбасы елден алып шыққан биоматериал үлгілеріне сілтеме жасаған The Insider басылымы хабарлайды.

Эпибатидин  ауырсыну сезімін, моториканы және ағзаның басқа да өмірлік маңызды функцияларын бақылайтын рецепторларға әсер ететін қуатты нейротоксин. Оның әсері паралич пен тыныс алудың тоқтауына әкелуі мүмкін, бұл Алексей Навальныйда тіркелген симптомдарға сәйкес келеді.

Өз кезегінде Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова сараптама нәтижелері туралы ақпаратты «Батыс проблемаларынан назарды басқа жаққа аудару үшін жасалған мәлімет» деп атады.

Сараптама нәтижелері болған кезде  түсініктеме де болады. «Солтүстік ағындар» бойынша тергеу қорытындысын ұсыну қажет болғанда, Еуропада Навальныйды еске ала бастайды, - деді ол.
 

Тэгтер:

ресей алексей навальный нато өлімі улы зат