Атыраудағы трагедия: Күдіктінің анасы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 09:06 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі қоғам назарында қалып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен жүздесіп, олардың айтқан деректерін жария етті.

Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, отбасына қатысты бұрынғы оқиғаларды да баяндады. 

"Қызым күйеу баламен Сирияға барған. 2019 жылы келді. Қызым күйеу баланың зорлығымен барып келді. Күйеу бала сол жақта қайтыс болды. Қызым аман-есен келді. Сол кезде кеткенін естідім, ұрыстым. Қазіргі таңда қызым 4 баласымен Атырауда тұрады. Басында күйеуі Түркияға апарамын деп алдап алып кеткен", – деп жауап берді анасы.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы