Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін, 10:18 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс министрлігі еліміздің бірқатар қалаларында әскери техниканың қозғалысына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіп жатыр.

«Осыған байланысты 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын сенімсіз ақпаратқа ермеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Тэгтер:

үндеу Қорғаныс министрлігі техника