Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі қоғам назарынан түскен жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл жағдайға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, оқиғаның анық-қанығын білуге тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың уәжін көпшілікке жеткізді.
Марқұмның туысы Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, Ақбаян денсаулығына байланысты Түркияға емделуге барған.
"Ақбаянды емдету үшін Түркияға апарды. Інім Наурыз да барды. Олар Түркияға барып келгеннен кейін Ақбаянның денсаулығында ешқандай ауру жоқ, диагноз жоқ деп айтыпты. Олар сол жаққа бару үшін әкелері де қаржылай көмектескен", – деп пікірін білдірді Әдемі Шылмағамбетова.
Сондай-ақ марқұмның қарындасы бұл қылмысты жасаған адам анықталса, жазасын алса деп тілейді.