Солтүстікке аяз келеді, оңтүстікте 20 градусқа дейін жылынады

Бүгін, 11:53 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстандағы 2026 жылғы 17-19 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Орал таулары аймағынан жылжыған циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Бұл жауын-шашынға, көктайғаққа, желдің күшеюіне және бұрқасынға себеп болады. Дегенмен, 18 ақпаннан бастап циклонның соңынан Хельсинки аудандарынан келетін антициклон тарай бастайды. Соның әсерінен елдің солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.

«Республиканың солтүстігінде түнде ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, Қара теңіз аймағынан жылжыған кезекті циклонның әсерінен күндіз ауа райы 15-20 градус жылы болады деп күтілуде», - деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Тэгтер:

ауа райы аяз жел жылы