Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды

Бүгін, 12:54 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазіргі уақытта сарбаз Алматыдағы әскери госпитальда емделуде, ал әскери полиция қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде Отардағы бөлімде әскери қызметшінің жағы мен мұрны сынғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламаларға қарағанда, отадан кейін ол толыққанды ем мен бақылау алмаған. Кейінірек туыстары оны пәтерде ұстағанын анықтаған, ал тексеру жұмыстары отаның дұрыс жасалмағанын көрсеткен.

Гвардия гарнизонының әскери полициясы әскери қызметшіге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу кезінде бірқатар офицер қызметінен шеттетілді.

«Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында барлық қатысы бар адамдардың, сондай-ақ жарғыдан тыс қарым-қатынас дерегі туралы жоғары қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады әскери полиция.

Зардап шеккен сарбаз Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальда ем алып жатыр.

«Оған барлық қажетті білікті медициналық көмек көрсетілуде, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында», - деп толықтырды ведомстводан.

Тексеруден кейін кінәлілер заң бойынша қатаң жазаланады деп уәде берілді. Жағдайды Қарулы Күштердің басшылығы жеке бақылауына алды.
 

Тэгтер:

полиция әскер сарбаз соққы Отар