«Крокус Сити Холлдағы» теракт бойынша айыпталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы сұралды

Бүгін, 09:33 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Сот процесі Мәскеудегі әскери сотта жабық режимде өтіп жатыр. Теракт жасады деп 19 адам айыпталуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олардың арасында төрт орындаушы, оларға көлік сатқан үш адам, террористер тұрған пәтер иесі және террористерге қолдау көрсетіп, Дағыстанның Каспийск қаласында ұқсас шабуыл дайындады деп айыпталған тағы 10 адам бар. Терактты тікелей орындаушылардың бірі Саидакрами Рачаболизода адамдарды атып тастауын исламның радикалды ағымына сенетіндігімен түсіндіріп, терроризм бабы бойынша кінәсін мойындаудан бас тартты.

Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» концерт залындағы теракт 2024 жылғы 22 наурызда «Пикник» тобының концерті алдында болған еді. Террористер фойеде оқ жаудырып, концерт залын өртеп жіберді. Террористік акт салдарынан 149 адам қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кетті, ал 609 азамат түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Шабуылдан келген жалпы шығын көлемі шамамен 6 млрд рубльді құрады.

Тэгтер:

сот теракт Крокус Сити Холл