Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның жұбайы Анна Акопян олардың азаматтық некелерінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Құрметті отандастар. Премьер-министр Никол Пашинянмен азаматтық некеміздің аяқталғанын хабарлаймын. Баршаңыздан бұл тақырыпқа қатысты ұстамдылық танытып, әдеп сақтауларыңызды сұраймын», — деп жазды Акопян Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Ол бұл жағдайға қатысты басқа ешқандай егжей-тегжейлі мәлімет берген жоқ.