Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров Қазақстаннан кететін болды

Бүгін, 15:15 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Әзілкеш Нұрлан Сабуров алдағы уақытта Таиланд пен Қытайдың ірі қалаларына гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

25 ақпанда Нұрлан Сабуров Таиландтың Пхукет қаласында өнер көрсетеді деп жоспарланған. Концерт әлі де өз күшінде – билеттер сатылып жатыр. Аталмыш шара шамамен 2 мың көрерменге арналған Royal Phuket City Hotel залында өтеді.

Билеттердің бағасы 8 мыңнан 20 мың рубльге дейін (шамамен 19 мыңнан 130 мың теңгеге дейін). Айта кетейік, әзілкештің ресми сайтында билет бағасы ресейлік валютада көрсетілген.

Сонымен қатар сәуір айында Нұрлан Сабуров Шанхай, Гуанчжоу және Бейжің қалаларында өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін комикке Ресей Федерациясына 50 жылға дейін кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Тэгтер:

қазақстан концерт әзілкеш Нұрлан Сабуров