Маңғыстауда мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты

Бүгін, 16:01 / Қайсар Қалам
Сурет: Қарулы күштер министрлігі

Маңғыстау облысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Осы жылдың 17 ақпанында Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу кезінде өміріне қауіпті оқ жарақатын алды», — делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.
 

Тэгтер:

маңғыстау әскер қаза сарбаз өлімі