2026 жылғы Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындары әлемдік спорт тарихына жаңа рекордпен енді. Мұндай жетістікке Мексика құрамасының екі өкілі қол жеткізді
Рекорд авторлары – 46 жастағы тау шаңғышысы Сара Шлепер мен оның 18 жастағы ұлы Лассе Гахиола.
Анасы супергигант жарысына қатысып, 26-орын алды. Бұған қоса, ол бұған дейін гигант слаломда өнер көрсеткен, алайда рұқсат етілген нормадан биік болған шаңғы бәтеңкелеріне байланысты жарыстан шеттетілді.