Қаралы хабар! Елге танымал актер 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті (ФОТО)

Бүгін, 10:38 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

АҚШ-тың аңызға айналған актері, сценарист әрі режиссер, "Оскар" сыйлығының иегері Роберт Дюваль 95 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актер Вирджиния штатындағы үйінде дүниеден озған.

Роберт Дюваль көпшілікке "Өкіл әке" ("Крестный отец"), "Апокалипсис бүгін" ("Апокалипсис сегодня"), "Қара торғайды өлтіру" ("Убить пересмешника") фильмдеріндегі рөлдерімен кеңінен танылған.

1984 жылы ол "Нәзік мейірім" ("Нежное милосердие") фильміндегі кантри-музыканттың басты рөлі үшін «Оскар» жүлдесін иеленген. Жалпы алғанда, Дюваль бұл беделді марапатқа жеті рет ұсынылған.

Ұзақ жылғы шығармашылық жолында актер 130-дан астам фильмде рөл сомдаған.

Тэгтер:

кино актер қайғылы жағдай өкіл әке Роберт Дюваль