"Назарбаевтың саясаты Абылайды еске салып тұр" – Шерхан Мұртаза президентті неге ханға теңеді? (ВИДЕО)

Бүгін, 13:57 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

1991 жыл. Сайлауға бірер күн қалғанда, Шерхан Мұртаза Назарбаевты Абылайға теңеді. 

"Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты Абылайды еске салып тұр. Мұны түсінгбеен біздегі кейбір мұңлықтар Президентті айыптауға бейім. Мәскеуге қарап жалтақтай бересің дейді, Ельцинмен неге мәмілешілсің дейді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса Ельцинмен келісетін жерде келіседі, келіспейтін жерде бас имейді", – деп жазды Шерхан Мұртаза.

 Шерхан Мұртаза мақаласында Қазақстан тәуелсіздігін алуы керек деген сөз жоқ. Бірақ солай айтып жүргендерді өзі сынады.

"Енді біреулер Назарбаевқа аспандағы айды неге дәл қазір әпермейсің деп өкпелейді. Өз елінде, өз жерінде қазақ деген қауым 40 пайыз боп қалғанын, сол 40 пайыздың ішінде ұлттық нигилистер де, мәңгүрттер де бар екенін ескере бермейді. Қазақстан 60 пайыз өзге ұлт болса, оның ішіндегі ең ірісімен қақтығыссаң, оынң артында 100 миллиондық қорған тұрғанын ұмытуға бола ма? Ал қазақтың қорғаны болар кім бар?", – деп түйіндеді Шерхан Мұртаза.

Асылхан МАМАШҰЛЫНЫҢ
"Қилы кезең" деректі фильмінің 9-бөлімі.

Тэгтер:

Нұрсұлтан Назарбаев Шерхан Мұртаза