10-04-20 | 19:48
Қытайдан келген дәрігерлер Қазақстанда не істейді?.
Қытайдан келген дәрігерлер Қазақстанда не істейді?

9 сәуірде Қытай 10 дәрігер келгені мәлім. Дәрігерлер қатарында КВИ-дiң алдын алу бойынша тәжірибесі мол мамандар да бар. Қытай дәрігерлері Қазақстанның коронавируспен күресуіне қандай көмек беретінін денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.

Оның айтуынша, Қытай делегациясының келу бағдарламасы 15 күнге есептелген. Қытай сарапшылары коронавируспен күресте өз тәжірибесімен бөліседі, атап айтқанда ұлттық және аймақтық деңгейлерде COVID-19 алдын алу және бақылау қытайлық механизмді, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау алгоритмін, COVID-19 бойынша Қытайда қолданылатын эпидемиологиялық зерттеу әдістерін, емдеу және диагностика хаттамаларын, медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алу механизмдерін ұсынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.